Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқа қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Меценат осыдан 7-8 жыл бұрынғы атышулы ажырасу процесінің қалай өткенін блогер Айсәуле Бақытбекке айтып берді.
“46 жасымда 27 жыл бірге өмір сүрген балаларымның анасынан ажырастым. Қазір біраз уақыт өтіп кетті. Мен оған бұрынғыдай қамқор болып, сүйіспеншілік танытпайтынымды сездім. Дүние-мүліктерді бөліске салып, ажырасу процесін бастадық. Қызым Аминка біздің арамызда делдал болды. Біз компанияның жартысын алып, қалғанын толық береміз деп келістік. Бұрынғы әйелімнің мамандығы – заңгер. Менікі – инженер. Алғаш рет ажырасу процесін бастан өткердік. Мұндай істе тәжірибем жоқ еді. Ол маған: «Үлестің 50 пайызын бересің» деді. Менің түсінігім бойынша, ажырасудың бір бөлігі ретінде компанияның жартысын бердім. Сосын ол: «Сен өзіңдікін бердің, енді маған қалған 50 пайызын заңды түрде бер» деді. Менен осылай кек алмақ болды. Сол кезде тек киім-кешегімді жинап, басқа пәтерге кетіп қалдым”, – деп еске алады Galanz Bottlers иесі.