Антикор «ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдіктінің Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
«Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.
Qazaq.today