Ойнай алмайды: Шымкент әкімінен сөз естіген Асхат Тағыберген «Ордабасы» командасынан кетті

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Шымкент әкімінің ашық сынынан кейін «Ордабасы» командасымен қош айтысты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ол осымен үшінші рет «Тобыл» командасына қайта ауысты. Ал «Тобылдың» бас бапкері одан зор үміт күтетінін мәлімдеді.

– Асхатты – Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де «Тобылда» ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі, – деді клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев.

Асхат Тағыберген қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанған болатын.

Шымкент қаласының әкімі футболшы ай сайын 20 млн жалақы алса да дұрыс ойнай алмайды деп ашық сынға алған еді. Көп ұзамай футболшы команданы тастап шықты.