«Өзі жыныңды келтірген шығар»: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызметтік тергеудің аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қараша 2023 жылы Салтанат Нүкенова өлтірілген түні Бишімбаевты ұстаған сәтте полиция қызметкерлерінің бірі «Өзі жыныңды келтірген шығар» деген пікірді айтқан болатын. Полицейдің бұл сөздері қоғамда қатаң талқылап, полицейдің жазалануын алға тартқан болатын.

Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-2 бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы «Есіл» ауданы Полиция департаментінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды, — делінген хабарламада.