Өзбекстанның АЭС-ын Ресей салатын болды

«Өзатом» агенттігі жанындағы Атом станциясын салу дирекциясы мен «Росатомға» бағынысты «Атомстройэкспорт» АҚ Өзбекстанда салынатын аз қуатты АЭС-тің құрылыс алаңындағы жұмыстарды бастау жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Kazinform. сілтеме жасап.

Аз қуатты АЭС-тің жобасын алдын ала пысықтау жұмысы маусым айында басталып, ол жолы негізгі міндеттер айқындалған болатын. Ал тамыздың соңында АЭС құрылысшылары тұратын қалашық салына бастады.

«Хаттамаға қол қою Өзбекстандағы алғашқы аз қуатты АЭС жобасын іске асырудың белсенді кезеңі басталғанын білдіреді. Сонымен қатар, ол жақын арада құрылыс алаңындағы жұмыстарға кірісуге мүмкіндік береді», — деді «Өзатом» агенттігі жанындағы Атом станциясын салу дирекциясының директоры Отабек Аманов.

203