Өскеменде Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды

Өскемен қаласында Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Оқиға бүгін қаладағы Стрелка ауданында болған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның не себепті мұндай қадамға бармақ болғаны әлі анықталған жоқ.Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.