ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 6 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта). Келес ауданының Абай ауылында 3.0 б., Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3.0 б. шамасында болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ,» — делінген хабарламада.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексерді.
«Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты,» — деп атап өтті ведомство өкілдері.