«О, сұмдық-ай»: Ринат Зайыт қазақ мәдениетін трагедияға теңеді

Мәжіліс депутаты әрі айтыскер ақын Ринат Зайыт 21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімінен кейін өзінің көңіл-күйін жасыра алмады. Ол бұл жайтқа байланысты пікірі мен ренішін әлеуметтік желіде арнайы жазған өлең жолдары арқылы жеткізді.

Зайытовтың жазбасынан байқауға болатындай, ол осы салаға еңбегі сіңген, бірақ көпшілік назарынан тыс қалып жүрген нағыз мамандардың емес, керісінше танымалдылығы басым кей адамдардың марапатталғанына көңілі толмағанын аңғартады.

Ақын бұл жағдайды «қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн» деп бағалап, қоғамға ой салатын өткір жыр жолдарын жариялады.

О,сұмдық-ай…
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да ‘ көгілдір”
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап ән салған
“Тарланым” да “ көгілдір “
Тіс қайрауда, шара жоқ
Үндемейсің…
Өмір-бұл