«Қоқан-лоқы жасады»: Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы әйелі өзіне қауіп төніп тұрғанын айтты

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат өзіне қоқан-лоққы жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол тіпті өзіне әлдеқандай жағдай бола қалса кімнен көру керектігін де меңзеді. Бұған дейін ол бұрынғы жарына қатысты айыптау мазмұнындағы мәлімдеме жасаған болатын. Оған Тұрсынның қазіргі әйелі Баян Алагөзова жауап қайтарған. Сірә сол мәлімдемелерден кейін оған қоқан-лоққы жасалғанға ұқсайды.

«Менің «трендтер» және «маркетинг туралы» болжамдарым айдарынан жазған жазбам көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қолдау тапты. Жұрт лүпіл басып, бөлісіп жатты. Көптеген хабарлама алдым.

Менің аккаунтыма боттар шабуыл жасады. Жазылушылары жоқ, жасанды интеллект жазып берген бір типті мәтіні бар парақшалар.

Бірақ кеше қоқан-лоққы жасалды. Маған денсаулығыма және ол адам туралы не айтатыныма абай болуды сұрады. Шындық нысанаға дәл тиді. Егер маған бірдеңе болса, сіздер нақты білесіздер», — деп жазды ол.