Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Арғын Зайруллаұлына бүгіннен бастап іздеу салынған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Арғын – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Қарағанды облысы мәслихатының экс-депутаты.
Күдікті Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулин.
Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.
«Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы — прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», — деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.