Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты істен шықты

Фото: moscowtimes.ru

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты ашылмай қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Nazarbayev.kz сайтында бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары және тағы басқа ақпараттары жарияланып отырады. Қазір сайтқа кіргенде бет осылай ақ болып тұр, деп жазады Stan.kz.

Фото: Сайттан скриншот

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев қорының сайты жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпанында Назарбаевтың elbasy.kz сайты nazarbayev.kz деп өзгертілген еді.

20