Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

https://www.youtube.com/watch?v=li-p0loMnB8

 

«Тәуелсіздік, әрине, мемлекет құрылды. Астана менің бастауыммен салынды, бірақ әлі де көп жұмыс бар. Ол үшін Президенттің айналасында еңбек ететін халықтың бірлігі қажет. Бұл қазақ халқының, Қазақстан халқының болашағы үшін өте маңызды. Біздің адамдар мұны түсінеді деп үміттенемін», — деді Назарбаев.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін ашық болады. Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 шет мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды.

Дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне барлығы 11 950 485 адам енгізілген.