Нұрлан имам АҚШ-та жастардың некесін қиды

Фото: Nurlanimam.kz

Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы АҚШ-та жаңа қосылған жастардың ақ некесін қиды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Танымал имам өзінің Instagram парақшасында Аяжан Саимова есімді желі қолданушысымен бірге видео жүктеді.

Аяжан Саимованың жазуынша, Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтқан.

«Уағыздан соң Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды.

Бұл кездесу барысында — жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздын ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті.

Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді», — деп жазды ол.