Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқарады, деп хабарлады kase.kz.
«Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде облигациялары тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге акцонерлердің ортақ шешімімен 25 шілдеде компанияның директорлар кеңесі сайланғанын хабарлады», – деп хабарлады KASE.
Директорлар кеңесі төмендегідей:
Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б.М., Ғұмаров Э.М., Ахметжанов А.М., Аниховский В.А., Ибраимов К.У.
KASE мәліметінше, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивиденд төлемейді.
Qazaq.today