Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтті – видео

Зардап шеккен бизнесмен екі рет кредит алып, бопсалаушыларға берген.

Елорда полицейлері арнайы операция кезінде үш ер адамды ұстады. Олар жергілікті кәсіпкерден шамамен 3 миллион теңге бопсалағаны үшін айыпталып отыр.

Полицияға арызданған бизнесмен бірнеше ай бойы үш ер адамның ірі көлемде ақша бопсалағанын айтқан. Полицейлер арнайы операция кезінде 40, 47 және 26 жастағы үш ер адамды ұстады. Екеуі 300 мың теңгені алып жатқан жерінде ұсталса, ең жас бопсалаушы Орал қаласында қолға түсті, деп хабарлады polisia.kz сайты.

Кәсіпкер ұсталғандардың бірімен өткен жылы қыркүйек айында танысқан. Сол уақыттан бері ер адамдар жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалаған. Полиция қаскүнемдер күш көрсеткенін атап өтті.

Жас жігіт бопсалаушылардан құтылу үшін есепшотында жатқан барлық ақшасын, шамамен 1 миллион теңге берген. Одан кейін тағы екі рет кредит алып, ірі соманы бопсалаушылардың қолына ұстатқан. Жалпы, зардап шеккен бизнесмен шамамен 3 миллион теңгесінен айырылған.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл бапта 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here