Нұр-Сұлтан қаласының атауын «Алаш-Орда» деп өзгертіп, ОДКБ-дан шығамыз – саясаткер

Бұл аптада Қазақстанда тағы бір саяси партия – «Біздің таңдау» құрылатыны жөнінде мәлімдеме жасалды. Белгілі кәсіпкер, бұрынғы саясаткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктесі Болат Әбілов бастаған партия құрушы азаматтардың мәлімдемесін тоқетер тақылетпен айтар болсақ, «Біздің таңдау» партиясы елді түбегейлі өзгертуге келді.

Әрине, ең алдымен бұл партия мемлекеттік тіркеу жолында билік құрған қитұрқысы көп үдерістен өтуі тиіс. Соңғы 20–25 жылдың практикасын еске алар болсақ, елде биліктің ықпалынан құрылған бірде-бір партия жоқ. Сондықтан егер президент Тоқаев өзінің халыққа арнаған наурыз жолдауында айтқан, саяси партиялар жөніндегі заңдылықтарға жеңілдетілген өзгерістер заң тілінде қолданысқа енгізілмейтін болса, партия құру ісі оңай болмайды.

Ал егер «Біздің таңдау» партиясы тіркеуден өткен жағдайда, бастамашы топ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасағандай, «совет өкіметі кезіндегі ашаршылықты, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын, 2011 жылғы Жаңаөзен қантөгісін, 2022 жылдың басындағы Қаңтар көтерілісін, саясаткерлер Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы және өзге де саяси астары бар кісі өлімдерін қайта зерттеумен шұғылданатын тәуелсіз комиссия құруы мүмкін».

Ал бастамашыл топтың жетекшісі Болат Әбіловтың айтуынша, жаңа партия Қазақстанды Ресейге тәуелді ететін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ОДКБ), Еуразиялық экономикалық одақтан шығаруды көздейді. Әзірге енді ғана құрылуды бастаған партия бастамашылары Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне де тексеріс жүргізуді қолға алатынын мәлімдеді. «Жеке басқа табынуды тоқтатып, Нұрсұлтан Назарбаев атымен аталатын барлық нысандардың атын өзгертеміз», – деген бастамашыл топтың сөзінше, Қазақстан атауын «Қазақия», Нұр-Сұлтан қаласының атауын «Алаш-Орда» деп өзгерту жөнінде де бастама көтермек.

Баспасөз мәслихатын қазақ тілінде ашқан Болат Әбілов: «Біз саясат аренасында жеңіске жетуге және Қазақстандағы саяси режимді түбірімен өзгертуге келдік», – деді.

Дереккөз: «DAT» газеті

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here