Фото: еl.kz
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Гастро орталықтың жалға беру бөлімінің басшысы Қалмұрат Молдақаш куәлік етіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы El.kz -ке сілтеп.
13:00-де орталықтың бірінші қабатында бәрі жұмыс істеп тұрды. Ал 2-ші қабатта ешкім жоқ болды. Сонда мен әкімші Гүлзада Исмаиловадан «Неге ашылмағанын» сұрадым. Ол «Бау» ресторанында санитарлық күн деп айтты. 14:00-де кабинетке Гүлзада келіп, Бақытжан Байжан хабарласып, Гастро орталықтағы бейнекамералардағы жазбаларды өшіру керегін айтты. Ол Бақытжан Байжанға хабарласты. Кейін Бақытжанның өзі кабинетке келіп, менен көмектесуін өтінді, — дейді Қалмұрат Молдақаш.
Куәгердің айтуынша, орталықта арнайы ІТ мамандары жұмыс істемеген. Сондай-ақ орталық басшысы Бақытжан Байжан мен әкімші Гүлзада Исмаилова өзін өте байсалды ұстаған.
Гастро орталықта жүйелік администраторлар жұмыс істемейді. Сондықтан біз диспетчерлік кабинеттің кілтін алып, камераларды Гүлзада ашып, маған көрсетті. Бақытжан Байжан Гүлзадаға барлық бейнежазбаны өшіруді тапсырған. Сондықтан бейнежазбаларды біртіндеп өшіре бастадым. 15 минутта бәрін өшіріп тастадым. Сол кезде қасымда Гүлзада болды, кейін Бақытжан Байжанның өзі келді. Кейін бәрін өшіріп, кабинетті кілттеп, өз жұмысыма оралдым, — дейді куәгер.
Куәгер бейнежазбадағы көріністерді көрмеген. Бұған дейін мұндай жағдай болмағанын атап өтті. Сондай-ақ бейнежазбаны өшіру себебін де сұрамаған.