Әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетінін айтты.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears», — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Бұл жаңалықты көрермен қуана қабылдады.
Айта кетейік, 26 мамырда Almaty Astana стадионында әнші «D and Dears» фан-кездесуін өткізеді. Іс-шара Димаш Құдайбергеннің туған күніне орайластырылып отыр.