Нигерияның Плато штатында шабуылдан 40-тан астам адам мерт болды

Нигерияның орталық Плато штатында белгісіз содырлар тобының шабуылынан 40-тан астам адам қаза тапты. Бұл ақпаратты дүйсенбіде ел президенті Бола Тинубу растады, деп хабарлайды Синьхуа.

– Жексенбі күні кешке қарулы адамдар Плато штатындағы Зике қауымдастығына басып кіріп, тұрғындарға оқ жаудырды, – деп мәлімдеген жергілікті билік.

Дүйсенбі күні кешке жарияланған мәлімдемеде Тинубу адам өліміне байланысты «терең өкініш» білдірді және қауіпсіздік органдарына шабуылға жауаптыларды анықтау үшін мұқият тергеу жүргізуді бұйырды.

Плато штаты Нигерияның орталық бөлігінде орналасқан. Соңғы жылдары аймақта бірқатар қанды оқиғалар болды. Бір аптадан астам уақыт бұрын Боккостағы содырлардың жасаған бірқатар шабуылынан 52 адам қаза тауып, 2000-ға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған еді.