Қазақ атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген Дубайда алған марапатын эстрада дүлділі Бибігүл Төлегенованың құрметіне арнаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірлектерінде марапатталғаннан кейін Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жасады. Ғажайып дауысты әнші өнерге қосқан үлесі үшін алған жүлдесін 95 жасқа толған Бибігүл Төлегеноваға арнағанын айтты.
«Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті Dears, құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын», — деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram