Фото: Kazinform
ТикТок әлеуметтік желісінде оқырмандарының сұрағына жауап берген Нұрлан имам некесіз туған балаға қатысты пікірін білдірді деп, — жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Нұрлан имамға оқырманы, «некесіз бала имамдыққа шыға ала ма?», деген сауал жолдаған.
«Некесіз туған бала мүфти де болады, президент те бола алады. Баланың ешқандай кінәсі жоқ. Ата-анасы жауап береді Алланың алдында. Қайдағы бір шолақ дүниені естіп алып, осындай сұрақ қоясыңдар. Сенің өзіңнің де некеде туғаныңды бір Құдай біледі. Егер ата-анаң сен тумай тұрып, қатты ұрсысып, әкең «кет» деп анаңа айтса, сен де некесіз туған болып қалуың мүмкін. Сондықтан ешкімді «некесіз туған» деп түртпектеуге болмайды»,- деп жауап берді.
86