Сидней Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ыбрайымов ерекше биімен көзге түсіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Спортшы әнші Сәкен Майғазиевтің баласының тойында би жарысына шықты.
Желіде тараған видеода спортшының көпшілік алдына шығып, бар ынтасымен билеп жатқан сәті бейнеленген. Қонақтар оған «Давай, Ереке, давай!» деп қолпаштап, қошемет көрсетті.
Желі қолданушылары егде тартқан азаматтың ширақ қимылына риза болды.
“Неге соны билемеске?!”, “Дастаннан күшті билеп тұр”, «Олимпиада чемпионы не істесе де жарасады», «Қазақтың батыры би де билей алады екен», «Ермахан аға жарайсыз, өмір қысқа – көтеріңкі көңілмен жүргенге не жетсін» деп жазды көпшілік.