Блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов “Taboo” бағдарламасында отбасы туралы айтты.
Ол сегіз жылдан бері балалы болуды армандап жүргенін айтады. Жақын досы үшінші баласын бергісі келгенін, алайда бұл ұсыныстан бас тартқанын жеткізді.
«Досым «Үшінші баламызды сендерге берсек» деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған «Не баланы, не досыңды таңда» деді. Яғни, баланы алатын болсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен, ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым. Қазір ол бала – менің кіндік балам. Есімі – Елдос. Мінез-құлқы өзіме ұқсайды», – дейді ол.