Үндістанда құлаған ұшақтың қара жәшіктері табылды

Фото: Reuters

Air India AI171 ұшағының екі қара жәшігі де табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра борттағы өздігінен жазу құрылғысы табылғанын айтты.

The Ecomomic Times газетінің мәліметінше оларды оқуға төрт-бес күн уақыт кетуі мүмкін. Алғашқы қара жәшік жұма күні Ахмедабадта Air India АИ-171 рейсі құлаған жердегі ғимараттың төбесінен табылған.

Үндістанның әуе апаттарын тергеу бюросына қайғылы оқиғаның себептерін анықтауға көмектесу үшін бірнеше халықаралық сарапшылар тобы Ахмедабадқа келді.

«Есепті үш ай ішінде жариялау жоспарланып отыр», — делінген жазбада.

Борттағы өздігінен жазу құрылғысы тергеушілерге кабинада және әуе кемесінің жүйелерінде болған оқыс оқиғаның ең объективті есебін ұсынып, апаттың себебін анықтауға көмектеседі.