Үндістанның солтүстік аймағында жолаушылар отырған автобус аударылып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
BBC-дің жазуынша, автобуста барлығы 44 адам болған, оның ішінде 36 адам көз жұмса, 27-сі жарақат алған. Жергілікті құзіретті органдардың хабарлауынша, көлік Марчула қаласы жаныдағы 50 метр тереңдіктегі орға құлап кеткен.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға 200 000 рупийден (2 378 доллар) берілетінін мәлімдеген. Ал зардап шеккендерге 50 000 рупийден көмек көрсетіледі.
Үндістанда автобустар — жолаушылардың негізгі жүріп-тұру құралы. Халықтың басым бөлігі шағын қалалар мен аудандарға автобуспен қатынайды. Алайда операторлар көбіне қауіпсіздік ережелерін елемей, автобусқа адамды шамадан тыс көп алады. Үндістанда жыл сайын жол-көлік апатынан шамамен 160 000 адам қаза табады. Бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.