Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне берілген сыйлықтарды не істейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Париждегі жүлдесінен соң өзіне сыйға берілген темір тұлпарларын сату туралы шешім қабылдады. Спортшыға демеушілер үш көлік сыйға берген. Ол соның екеуін – Zeekr мен Mini Cooper-ді сататынын айтты.
Оның айтуынша, ол мұндай қадамға ақша керек болғандықтан барған. Сондай-ақ Назым Қызайбай үш бірдей көлікті қалдыруға шамасы жетпейтінін атап өтті.
Айта кетейік, Назым 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан 50 келіде қола жүлдегер атанған еді.
126