Назарбаевтың экс-әйеліне қатысты он жыл бұрынғы қылмыстық іс қайта қозғалды

Құқық қорғау органдары Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты он жыл бұрын қозғалған қылмыстық істі тергеуді қайта бастады, деп хабарлайды Время басылымы.

Басылым ақпаратына сүйенсек, осы жазда БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі туралы әңгіме қайта басталған. Алғашында  бұрын марганец кеніне иелік еткен кәсіпкердің арызы бойынша Құрманғалиеваның үстінен «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болған. Кейінірек Майра Саудабайқызы анасының мерейтойына орай кең ауқымды мерекелік шара ұйымдастырғаны белгілі болды – мерекені полиция күзетіп, жедел жәрдем дәрігерлері қатысушылардың денсаулығын қадағалап отырған. Ал жақында құқық қорғау органдарының да Назарбаевтың бұрынғы жарын тексере бастағаны белгілі болды.

«Алматы полиция департаменті Құрманғалиеваға қатысты осыдан он жылдан астам уақыт бұрын басталған тергеуді қайта бастағаны белгілі болды. Оның үстінен бір-бірімен байланысы жоқ үш адам арыз жазған: екі әйел және бір ер адам. Майраға бопсалау, адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және басқа да қылмыстар бойынша айып тағылды, бірақ іскер әйелдің әкімшілік ресурсының кесірінен тергеу әрекеттері тоқтап қалған», –  делінген ақпаратта.

2011 жылы құзырлы органдарға арызданған әйел Құрманғалиевамен 2007 жылы «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамымен бірлесіп жұмыс істеген компанияға жұмысқа ауысқанда танысқанын айтады.

«Келісімшарт зауыт бізге ғимарат беретіндей етіп жасалған, ал біз олардың дайындығына жауапты болдық. Бизнес өте сәтті болып, бір жылдың ішінде біршама табыс таптық. Жыл аяғында басшылықтан Марат деген адам келді. Ол құжаттарды тексерді де, кетіп қалды. Сосын мені Майраның үйіне шақырды, оның Алматының жоғарғы жағындағы Оңдасынов көшесінде зәулім үйі бар. Ол бірден айқайға басып, жалдау ақысын жымқырғанымды айтып, енді мен оған 500 мың доллар қарыз екенімді жеткізді. Мен жалға алушылардан ақша алған емеспін, бірақ Құрманғалиева мені тыңдамай, жертөлеге қамап қоюды бұйырды», – дейді әйел.

Жәбірленушінің айтуынша, ол күні бойы жертөледе отырған, тіпті қашуға тырысқан. Соңында күйеуі екеуі 100 мың доллар төлеуге мәжбүр болған.

«Аты-жөні таныс танымал тұлғалардың ескі қылмыстары бойынша іс қайта қозғалып, олардың тұтқындалып жатқанын көп оқып, жаңалықтардан көріп жүрмін. Бұл әйел мені бас бостандығымнан заңсыз айырды, ақша бопсалады, жалғыз баспанамнан айырды. Мен оның менің отбасымды қалай құрдымға кетіргенін айтпай-ақ қояйын. Және ол жасаған зұлымдығы үшін жазасын алуы тиіс!», – дейді жәбірленуші.

Еске салайық, 19 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікпен күресті күшейтуді тапсырған болатын.

Бұған дейін Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның кәсіпорынды басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. Алғашында журналист Михаил Козачков таратқан ақпаратты кейін Қаржы мониторингі растаған.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here