Назарбаев қорының бақылауындағы ресейлік банк рекордтық пайдаға кенелді

Фото: АТБ

Назарбаев қорының бақылауындағы ресейлік банк 2024 жылы рекордтық табысқа жеткен. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

2021 жылы Назарбаев қорының бақылауына өткен ресейлік Азия-Тынық мұхиты банкі (AТБ) 2024 жылдағы қаржылық нәтижелері туралы есеп берді. Ресей орталық банкінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, АТБ өткен жылы 11,3 миллиард рубльден астам, яғни 59,2 млрд теңгеден астам таза пайда тапқан.

Банктің пайыздық кірісі 31,2 млрд рубльден (162,4 млрд теңге) асты. ATБ кірісі соңғы айда 15,54% өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті.

Ал банк Нұрсұлтан Назарбаевтың қорында болған соңғы үш жылда ол 19,88 миллиард рубль (103 миллиард теңгеден астам) табыс тапты.

Ресей орталық банкі қаржы институтын 2021 жылы аукционға қойғаннан кейін АТБ Қазақстанның бұрынғы президентінің бақылауына өтті.

Сатып алушы Назарбаев қорына және Қазақстанның бұрынғы президентіне қатысы бар басқа құрылымдарға тиесілі «Пионер Капитал Инвест» ЖШС болды.

35