Фото: facebook / Бауыржан Халиолла
Белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла өзінің Facebook-парақшасында Әнұранның қосалқы авторы Нұрсұлтан Назарбаев емес, ақын Несіпбек Айтұлы екенін жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Осы тақырыппен жариялаған жазбасында айтыскер Айтұлы көзі тірісінде бұл туралы өзі айтқанын, айналасындағы адамдар да білетінін жеткізді.
Егер Әнұранның қазіргі мәтініне міндетті түрде қосалқы автор аталуы керек болса, ол Несіпбек Айтұлы болуы тиіс. Өйткені бұрынғы сөзіне аз-маз өзгеріс енгізіп, бүгінгі кезеңге лайықтаған Назарбаев емес Несағаң еді. Оны көзі тірісінде өзі талай айтқан, айналасы да біледі!!
P.S Көшпенділер ойынын эфирден көріп отырып есіме түсіп кетті… – деді Бауыржан Халиолла.
Фотоколлаж: Bugin.kz