«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Фото: Pixabay

Бүгін 25 сәуірде елімізде жаңа «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімді «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) беруге болады. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға (2024 жыл) дейін жалғасады. Өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес. Отбасы банкі салымшыларының бағдарламаға қатысуға өтінім беруіне екі ай уақыты бар», — делінген банктің Instagram парақшасында.

Бұған дейін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлаған едік. Оның талаптарымен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.