Наурызда мектеп оқушылары қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында қазақстандық оқушылардың көктемгі демалысы 11 күнге – 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасатыны жазылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

2024 жылы қабылданған бұйрыққа сәйкес үшінші, ең ұзақ тоқсан 10 оқу аптасын қамтиды. 21 наурыздан бастап көктемгі демалыс басталып, 31 наурызға дейін жалғасады.

Бұдан кейін оқушылар мектепке оралады. Олардың оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 21-23 наурыз аралығында Қазақстан Наурыз мерекесін атап өтеді. Көктемгі күн мен түннің теңелуіне байланысты ел тұрғындары үшін де демалыс күндері беріледі.

  • Бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері демалады.
  • Алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады.