Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

«Нарыққа кері әсерін тигізеді»: АШМ Орал әкімдігінің заңсыздығына қатысты мәлімдеме жасады

«Кублей» зауытына төнген қауіп елдегі ауыл шаруашылығы саласына тікелей кері әсерін тигізеді. Зауыттың проблемасы шешілмесе Қазақстанда қайта өңдеу саласы құлдырап, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайға қатысты осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

Министрліктің мәліметінше, елдегі ауыл шаруашылығы өнімі құлдырап қана қоймай, импортқа тәуелділік артып, шетелдік өнімдер қаптайды. Ведомствоның мәліметінше, «Кублей» зауыты жабылса, мыңдаған шаруа қожалығы зиян шегіп қана қоймай, бүкіл Қазақстан бойынша осы саланың кері кетуіне тікелей әсер етеді. Министрлік жарты ғасырлық тарихы бар өндіріс орнының елімізде алатын орны ерекше екенін атап қана қоймай, нақты шығаратын өнімдеріне зерттеу жасаған.

«Кублей» ЖШС – 30 жылдық тарихы бар ет, балық және көкөніс консервілерін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65%-ды құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және т.б. экспорттайды. Бүгінгі таңда зауыт 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады: ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері. Оның қуаты – бір ауысымда 200 мың банка консерві. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Министрліктің мәліметінше «Кублей» зауыты заманауи аппараттармен толықтай жабдықталған, тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаратын жетекші өндіріс орны. Вице-министрдің жауабында, зауыт ет өнімдері 405 тоннаға дейін арттырғаны жазылған.

 

«Консервілеу зауытына деликатес консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс қоймасы, ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, сүт консервілерін өндіру цехы, тоңазытқыш камералары, шикізатты сақтау қоймалары, теміржол кірме жолдары бар дайын өнімді сақтау қоймалары кіреді. Зауыттың жабдықталуы мен инфрақұрылымы тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында 2021 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет консервілерінің өндірісі 26,1%-ға (3 418 тоннадан 4 311 тоннаға дейін), ет және өсімдік консервілерінің өндірісі 46,8%-ға (405 тоннадан 595 тоннаға дейін) ұлғайды», – деді вице-министр.

Министрлік «Кублей» ЖШС зауытының басына төнген қауіп шешілмей, өндіріс орны шенеуніктердің кесірінен жабылса Батыс Қазақстан облысындағы шамамен 3 500 шаруа қожалығына кері әсерін тигізетінін ескертті. Тек шаруалар ғана зиян шегіп қоймай, ауыл шаруашылығы саласындағы отандық өнім өндіру деңгейі төмендеп, шетелден импорт қаптайды.

«Кублей» ЖШС зауытының жабылуы шикізаттың жеткіліксіздігіне, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуінің төмендеуіне әкеліп, елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады. Сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді. «Кублей» ЖШС консервілеу өнімдерін шығаратын зауыттың өкілдері екі жыл бойы Орал әкімдігімен сот ісін жүргізуде. Кәсіпорынның өкілдерінің айтуы бойынша әкімдік зауыт орналасқан өнеркәсіптік аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын заңсыз бекіткен. Нәтижесінде осы аймақта көппәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Санитарлық-қорғау аймағы тұрғын алабынан кемінде 100 метр болуы тиіс», – деп жауап берді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ал БҚО облысының прокуратурасы аталған дауға қатысты кінәлілердің жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Заңның үстемдігін қадағалайтын органның ақпаратынша, заң бұзушылықтарды жою шаралар қабылданып жаттыр. Прокуратура «Кублей» зауытына қатысты заңсыздыққа барған шенділерге шара қолданған. Соның ішінде Орал қаласының әкімі де жауапкершілікке тартылған. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке Орал қаласының әкімі ғана емес, оның орынбасары, сонымен қатар сәулет және қала құрылыс басқармасының бөлім басшысы да тартылған.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сонымен қатар, облыс және Орал қаласы прокуратурасының қадағалау актілер бойынша қала әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалар (әкім, әкімінің орынбасары, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы) және «Ирменова Ж.С.» ЖК тәртіптік пен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды», – делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.

Әкімдік пен «Кублей» зауытының арасындағы дау қоғамда үлкен резонанс тудырды. Істі қарап жатқан сот та әлі іске толыққанды шешім шығарған жоқ. Әкімдікті сотқа берген кублейліктердің пікірінше, құрылыс компаниясы өндіріс аумағына небәрі 42 метр жерден заңсыз көпқабатты үйлер салып тастаған. Бұл заңға тікелей қайшы.

«Бұл дау Батыс Қазақстан облысының мамандандырылға ауданаралық экономикалық сотында талқылаудың мәні болып саналады», – деді прокуратура.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here