«Нағыз батыр арамызда отыр»: Әлемдік деңгейдегі жұлдыз Мұса Әбдірайымға құрмет көрсетті

Британдық жұлдыз Саймон Уэбб сахнада өнер көрсетіп тұрған жерінен залда отырған Мұса Әбдірайымға жақында көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Концертте отырған бұл адам нағыз батырдың қандай болатынын көрсетті… Көп рахмет!», – деді әнші ән арасындағы үзілісте.

Blue тобының концерті 12 наурызда Алматыда өтті. Ал 7 наурыз күні ер адам пышақпен Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алып, оған қастандық жасаймын деп қорқытты. Оны залалсыздандыру небәрі 7 минут уақыт алды, бұл сол жерде болған Мұса Әбдірайымның батыл әрекетінің арқасында жүзеге асты.

Кейін Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мұса Әбдірайымға төтенше жағдайда көрсеткен батыл әрекеті мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басышысының жаолығымен «Ерлігі үшін» медалін табыстады.