Жақында сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов мешітте ақ некесін қидырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Олжас Еспанов қуанышты сәті жайлы әлеуметтік желіде жазды. Сондай-ақ әншінің ұлы неке қию үшін арнайы әдемі датаны таңдаған.
«Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай!», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, екеуі бір-біріне ұқсайтынын айтты.
«Құтты болсын!», «Бақытты болыңдар», «Түрлерің бір-біріңе ұқсайды екен», «Қадамдарыңызға гүл бітсін!», — деп жазды оқырмандар.