Нұралы Әліп қосалқы құрамда отырып-ақ 146 млн тапты

«Зенит» футболшылары Ресей премьер-лигасының 24-туры аясында «Краснодармен» өткен ойында ірі есеппен (4:1) жеңіске жеткені үшін қомақты сыйақы алды. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды матч алдында «Зенит» турнир кестесінде екінші орында болып, «Краснодардан» бес ұпайға артта келе жатқан болатын. Осыған байланысты Санкт-Петербург клубының басшылығы футболшыларға жеңіс үшін 110 мың еуро (шамамен 64,4 миллион теңге), ал үш немесе одан да көп доп айырмасымен жеңіске жетсе – 250 мың еуро (шамамен 146,5 миллион теңге) сыйақы беруге уәде еткен еді.

Нәтижесінде «Зенит» ойыншылары «максималды жоспарды» орындап, сенімді түрде жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бұл матчта алаңға шыққан жоқ, ол қосалқы құрамда қалды. Соған қарамастан, оған да сыйақы толығымен төленеді.