Нұрәлі Әлиев британдық блогердің бейнежазбасынан көрінді

 Блогер Алматыға келіп, табиғаттан ләззат алып, өңірдің мәдени ерекшеліктерімен танысқан. Бірақ бейнелі пейзаждар мен бірегей орындарды көрсетіп жатқанда кадрға кенеттен Нұрәлі Әлиев шыға келеді. Gstaad Guy оны досым деп атады. Бейнежазбада олардың қазақтың киіз үйі түріндегі мейрамхананы аралап жүргені түсірілген.

Gstaad Guy — бұл аса бай және элитаның мінез-құлқын мазақтайтын әзілкеш бейнелерімен танымал сатирик блогер. Ол аристократтардың күлкілі бейнелерін жасайды. Оның сатирасының танымалдығы артып, тіпті ірі люкс брендтер де онымен ынтымақтаса бастаған.

2025 жылдың сәуір айының соңында Нұрәлі Әлиевтің әжесі әрі Дариға Назарбаеваның қайын енесі қайтыс болғаны белгілі болды. Нұрәлі сол кезде әлеуметтік желіде әжесі туралы жылы естеліктерімен бөлісті.