«Мың бала» білім сайысында 201 оқушы жеңімпаз атанды

«Мың бала» білім сайысына отыз мыңға жуық оқушы қатысқан. Олимпиада екі жылға жалғасып, бірінші турға ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары қатысқан. Нәтижесінде 1050 оқушы іріктеліп, олардың 201-і жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.  Олимпиада екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде,  логикалық және кеңістік ойлауды  қамтиды. Республика бойынша ең жоғары қорытынды баллды бес мың оқушы жинап, олар олимпиаданың екінші кезеңіне өткен.

«Мың бала» олимпиадасының 2020-2021 жылдағы жеңімпаздарының портфолиосы жинақталды, сонымен қатар 59 дарынды бала ҚР БҒМ бұйрығы негізінде  мамандандырылған білім беру мекемелерінде білім алуда. Олимпиаданың екінші кезеңі облыстық тестілеу орталықтары базасында офлайн өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар «Математикалық сауаттылық»,  қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін «Қазақ тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді», – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы.

Тестілеу Олимпиадаға қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі. І кезеңнің кешенді тестілеуі үшін ең жоғары мүмкін балл 500 баллды құрайды. ІІ кезеңдегі компьютерлік тестілеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балл 1000 баллды құрайды.

«Олимпиаданың ІІ кезеңінің қатысушыларына «Математикалық сауаттылық» бөлімі бойынша ең төменгі шекті балл жинау қажет, бұл мүмкін болатын ең жоғары баллдың 30% – ын құрайды. Олимпиаданың ІІ кезеңінің ең жоғары қорытынды балы бар оқушылар жеңімпаз атанады. Білім бәскесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды  жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы», – деді шараны ұйымдастырушылар.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here