Желіде келінін матаға жатқызып, көтеріп, ішінде ары-бері аунатқандар сынға қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Онда жүкті келінді матаға жатқызып, үстінен сіріңке тұтатқанын, артынша көтеріп, ары-бері айналдырғанын көруге болады.
Видео желіде таралып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды. Бірі дарақылыққа баласа, енді бірі жүкті әйелге жасалатын ырым екенін айтты.
«Қазақстанның қазақтары тойда дарақылықты шегіне жеткізді. Енді мынау қайдан келген ырым?», «Бала теріс келгенде жасалатын ырым», «Оң теріс деген ырым ғой, бала оңымен келсін деп жасайтын әжелер», — деп жазды желі қолданушылары.