Фото: видеодан скрин
Оңтүстік-шығыс Азиядағы Мьянма елінде Астана уақытымен сағат 11:20-да қатты жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Жер дүмпуінің күші Мьянмадан басқа Бангладеш, Индия, Таиландта да қатты сезілген.
Таиландта жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан, адамдар жаппай эвакуацияланып, метро тоқтаған. Қызметкерлердің бәрі үйіне кеткен.
Ал, Мьянма халқы жер сілкінісінің қаншалықты күшті болғанын әлеуметтік желіде көрсетіп, жермен жексен болған ғимараттардың видеосын салып жатыр.