Мұхтар Жәкішев жылына 600 млн доллар табыс табуға болатын бизнес көзін айтты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев Қазақстанның жылына 600 млн доллар табыс табатын және ешкімнің меншігіне айналмайтын бизнес туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі orda.kz порталына сілтеме жасап.

Ол пайымдауларымен Алматыда өткен Шаңырақ бизнес-форумында бөлісті. Ол өз сөзінде Қазақстанда биткоиннің экспорттық түсімінен еш табыс жоқ екеніне таңқалды.

«Жақында жасырын майнинг фермалардың көптеген техникасы анықталғаны туралы жаңалық болды. Менің ойымша: үкімет оны аукционда сатудан әрі ойлай алмайды. Осы ретте неге деген заңды сұрақ туындайды. Бұл жабдықты біреу пайда қылам деп сатып алды ғой. Мүмкін оңтайлы жолды таңдап, квазимемлекеттік компания құру қажет шығар» деді ол.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік компаниялар екіұшты беделге ие болғанымен, биткоин жағдайында олардың жұмысы мүлдем ашық болады. Себебі криптовалютаны ұрлау мүмкін емес.

«Біз техниканы жеткізіп, осы құрылғылардың барлығын іске қосамыз, қазынадан арнайы шот ашамыз да майнингтен түскен пайда тікелей ел бюджетіне түсіп отырады. Ешбір дәрежелі ағамыз бұл қоржынға қол сұға алмайды. Бұл мүмкін емес: мұнда электр энергиясы болса, онда биткоин. Жарты жолдан қосылып, ешкім ақшаға ауыз сала алмайды» деп сендірді Жәкішев.

Сондай-ақ, ол Қазақстан тәркілеген техниканың өзі жылына шамамен 600 млн АҚШ доллары көлемінде пайда таба алатынын еске салды.

Еске салсақ, 2010 жылы Қазатомөнеркәсіп ҰАК-ның экс-басшысы Мұхтар Жәкішев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен 14 жылға сотталған. Ол 2020 жылдың наурыз айында Семей қаласының №2 соты оны мерзімінен бұрын босату туралы өтінішімен шартты түрде босатқан.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here