Міржақып Дулатовтың қабірін қазған зерттеушілер ерекше жайтқа куә болған

ХХ ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп жар салып, патшаның отарлық саясатына қарсы шыққан Міржақып Дулатұлы ұлтының қамын жеп, басын бәйгеге тікті. Ол – ақын ғана емес, еліне адал қызмет еткен қайраткер. Зерттеушілер, ақынның туғандары асыл азаматтың сүйегінің қай қиырда қалғанын білмейтін. Өйткені ақын жат елде жерленген болатын. Abai арнасының «Дәуір даналары» бағдарламасында зерттеушілер ақынның бейіті қалай табылғанын, денесін қазған кезде ерекше жайтқа куә болғанын айтты.

Ақынның қазақ деп соққан жүрегі 1935 жылы Карелия жерінде мәңгіге тоқтаған еді. Сөйтіп, арада азаматтың сүйегі жарты ғасырдан астам уақыт жат жерде қалды. Тек 1992 жылы Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар апайдың тапсыруымен Алаш арыстары туралы деректер жинау үшін жас ғалым Марат Әбсемет Сосновец станциясына аялдайды.

Бір орыс әйел тұр екен. Қарап тұрып «Сіз қазақ емессіз ба?» деді. «Қазақпын» дедім. Қазақ ақыны бар еді, Давлатов деген. Дулатовты айтып тұр ғой. «Иә, бар» дедім. Сол кісі осы жерде лагерьде дәрігер болған деді. Кейін оны осы жерге жерлеген деп айтты, – дейді міржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет.

Сөйтіп, Алаш арысының бейіті табылып, оны алып келуге Қазақстаннан бірнеше адам аттанды. Соның бірі – режиссер, зерттеуші Қалила Омар. Мәйітті қайта қазуға барған режиссер Қалила Омар Міржақыптың бас сүйегінің жағы елге әкелгенде бірақ ажырағынын айтады.

Жағың ажырамай, жамандық көрме деген сөз бар қазақта. Мұны бұрын түсінбейтін едім. 56 жылдан кейін Міржақыпты қазып алған кезде, бассүйегін. Шашы қап-қара, тіп-тік. Бассүйекті алып қойған кезде, мақтамен көмкеріп аппақ киізге. Мен айттым осылай жасаймыз деп. Қойған кезде жағы ажырады. Міржақып киелі адам ғой. Бөтен елде қанша жыл жатып, туған жеріне келіп, кіндік қаны тамған жерге әкелгенде жағы ажырады. Сөйтіп, Міржақыпты жерледік, – дейді зерттеуші Қалила Омар.

Гүлнар Міржақыпқызы тектіден қалған жалғыз тұяқ еді. Міржақыптың балалары жастай шетінеп кетті. Оған бес бала: үш ұл мен екі қызға әке болуды жазған екен. Содан тірі қалғаны осы Гүлнары ғана. Ол әке аманатына адал болды.

Дереккөз: Turkystan.kz

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here