Тілшілер ведомство басшысынан Ішкі істер министрлігі боксшы Бейбіт Шүменовті іздеп жатыр ма, оны неге ұзақ іздеп жатырсыздар, ол АҚШ-та күнге қыздырынып жатқан сияқты деп сұраған Мәжілістің кулуарында.
Ержан Саденов полиция жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
«Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз», — деп жауап берді ол.
Еске салсақ, былтыр танымал боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда, ойын-сауық орнында ер адамды ұрып жыққан. Таяқ жеген Қырғызстан азаматы болып шықты. Осылайша, істі қырғызстандық шенділер бақылауға алды.
Дереккөз: ulysmedia.kz
42