Эксклюзивті мазмұн:

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры...

Министр, әкім, судья: былтыр жемқорлық бойынша ең көп қылмыс жасаған шенеуніктер тізімі

Былтыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агентігі. Сотты болғандар арасында ішкі істер органдарының – 207 қызметкері, әкімдік және олардың құрылымдық бөлімшелерінің – 150 қызметкері, оның ішінде әкімдер – 5, қаржы министрлігінің – 34, ауыл шаруашылығы министрлігінің – 19, денсаулық сақтау министрлігінің – 16, ұлттық қауіпсіздік органдарының – 10, экономикалық тергеу қызметінің – 4, прокуратураның – 3 қызметші және судьялар – 3 қызметкері бар.

Айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында парақорлықтың үлесі жылдан жылға өсуде. Оның ішінде пара алу және беру, парақорлыққа делдал болу сынды жағдайлар жиі тіркелген. 2015 жылы бұл әрбір үшінші қылмыс болса, 2021 жылы 67%-дан астам қылмыс осы санатқа жатады.

«Жалпы статистиканың төмендеуіне қарамастан, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 10%-ға, тұтқындалғандардың саны 13%-ға және бас бостандығынан айырылып сотталғандардың үлесі 7%-ға өскен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі болғанын көрсетеді.

Карантин кезінде осындай 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Олардың негізгі үлесі: жымқыру – 55%, парақорлық – 23% және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 7%. Жемқорлық фактілері Нұр-Сұлтан қаласында (11), Түркістан – 8, Алматы – 7, Ақмола – 6, Қостанай -6 және Алматы қаласында – 6.

Оқушыларды онлайн оқыту үшін компьютерлік техниканы сатып алуды тексеру шеңберінде анықталған заладың жалпы сомасы 15 млрд теңгеден астам. Бұл мәселе бойынша 12 қылмыс анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау – 1, Қостанай – 2, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан – 2», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Әшкереленген тұлғалардың қатарында 4 өңірдің (Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары) білім беру басқармаларының басшылары бар, олар бюджет қаражатын құнын көтеру және сапасы лайықсыз компьютерлік техниканы жеткізу жолымен жымқырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет электрондық вакцина егудің жалған паспорттарын беру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдады. Нәтижесінде 12 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 3, Алматы қаласы – 1, Ақмола облысы – 1, Ақтөбе – 1, Алматы – 1, Шығыс Қазақстан – 1, Қостанай – 1, Павлодар – 1, Түркістан – 2.

«Ақмола облысында Көкшетау қаласының орталық қалалық емханасы мен «Viamedis» ЖШС емханасының медбикелері жалған құжаттарды бірнеше рет өткізу және Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйесінің «Вакцинация» электрондық модуліне көрінеу жалған мәліметтер енгізу фактісі бойынша сотталды. Олар нақты инъекция енгізбестен азаматтардан ақшалай сыйақы (10 мыңнан 40 мың теңгеге дейін) алған.

Осы деректер негізінде, «egov.kz» электрондық үкімет порталында облыстың 15 тұрғынына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егудің жалған электрондық паспорттары жасалды. 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 20,4 млрд теңгені немесе 86%-ын (23,8 млрд теңгеге келтірілген залалдан) өтеуді қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік сатып алу мониторинг жүргізу арқылы, 46,6 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмегенін де хабарлады.

Ақпарат көзі: Azattyq Rýhy

Соңғы

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай» жобасын іске асырады, ол + 3 км жолды қосуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі...

LRT ісі: сотталушы Сағынтаевтан, Ахметовтен, Исекешевтен және Тасмағамбетовтен жауап алуды талап етуде

LRT/BRT қылмыстық ісінде айыпталушы Ұлықбек Ачилов 23 қарашада астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маңызды куәлік беріп, жоғары лауазымды тұлғалардан жауап алуды сұрады. Ұлықбек...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here