Метапневмовирус: Қазақстанда карантин жариялануы мүмкін бе?

Елімізде метапневмовирус індетінің таралуына байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе? Денсаулық сақтау министрлігі бұл сұраққа жауап берді. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова эпидемиологиялық жағдай туралы түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq.today.


Эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттану 20 пайызға төмендеді. Әдетте дерттің өршуі қаңтарда байқалады, ақпанның ортасына қарай төмендейді. Қазіргі уақытта карантин немесе шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ. Біз эпидемиологиялық жағдайды, вирустың таралу жиілігін күнделікті бақылап отырмыз,» – деп түсіндірді ол.


Метапневмовирус: қауіптілігі қандай?

Маманның айтуынша, метапневмовирус өзге вирустық инфекциялар секілді асқынған жағдайда ғана қауіпті болуы мүмкін. Ол вирустың таралуын болдырмау үшін сақтық шараларын сақтау маңызды екенін атап өтті:

  • Көпшілік жерден аулақ болу;
  • Маска тағу;
  • Бөлмені жиі желдету;
  • ЖРВИ белгілері бар балаларды балабақша мен мектепке жібермеу.

«Балалар инфекцияны үйіне алып келеді, бұл ата-аналар мен отбасы мүшелеріне жұғу қаупін арттырады,» – деді Айжан Есмағамбетова.


Мектептердегі шектеулер енгізіле ме?

Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде шектеулер енгізу туралы сұрақтарға жауап берді. Әзірге нақты шектеу шаралары енгізілмейтіні айтылды, бірақ жағдай бақылауда.

 

51