Меркі ауданында «Үздік тәжірибелер орталығы» моделін өзге ауруханаларға енгізу бойынша семинар өтті (фото)

Меркі ауданында облыстық денсаулық сақтау мәселелері мен «Үздік тәжірибелер орталығын» өзге де аудандарға енгізуді талқылаған семинар өтті. Оған өңірдегі барлық Бас дәрігерлер қатысып, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды   Qazaq.Today ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шараға Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Асқарұлы Қалиев, «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясынан Төлебай Рахыпбеков, ұлттық ассоциация өкілі Роза Абзалова қатысты.Семинарда аудандық орталық аурухананың  үздік тәжірибелер орталығы моделін Шу, Қордай аудандарының бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу мәселелері талқыланды.

Жоба өткен жылдан бастап «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқа медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу бойынша жүзеге асып жатыр.

«Бұл жерде көптеген жаңалықтар бар. Ең басты мақсаты тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндіктер береді», -деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ә. Әскерұлы.

«Жоба былтыр Меркі аудандық орталық ауруханасында, Жамбыл аудандық орталық ауруханасында және Тараз қаласындағы №5 қалалық емханасында жұмыс бастаған. Жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесінде өткен жылы қыркүйек айында ресми түрде осы жерде үздік тәжірибелік орталықтардың жұмысын ашқан болатынбыз. Бұл жұмыстың нәтижесінде Меркі ауданында алғашқы медициналық-санитарлық көмекке түсетін шағымдар 80% азайған. Тұрғындардың қанағаттанғаны көрініп тұр. Ең бастысы жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жалпы компентенциясын кеңейтіп жатырмыз», — дейді  басқарма басшысы Әсет Қалиев.

Семинарда әлеуметтік қызметкерлер мәселесі де талқыланды. Емдеу мекемелеріндегі жұмыс әлеуметтік салалармен тығыз байланысты екенін ескерген дәрігерлер бұл саланы да әкімдікпен бірге жүзеге асыруды көздеп отыр.

«Ең басты бағыт әлеуметтік қызметкерлер. Оларды арнайы дайындықтан өткеннен кейін жұмыс жасап жатыр. Оның басты ерекшелігі емдеу мекемелеріндегі жұмыс әлеуметтік салалармен тығыз байланысты. Мысалы, ауру қайдан пайда болады? Барлық мәселе отбасында. Адамдар дұрыс тамақтанбайды, әлеуметтік жағдайы қалай, отағасы ішімдік ішуі мүмкін, отбасындағы психикалық жағдай нашар болуы мүмкін дегендей. Сондықтан, әрбір учаскедегі әлеуметтік қызметкер ауырып келген отбасыға арнайы портрет жасайды, ол жерде қандай проблема бар, аурудың қайдан шыққаны, себебі деген сияқты түрлі мәселелер қарастырылып, бағаланады. Сосын сол әлеуметтік мәселелер арқылы әкімдік арқылы көмек көрсету немесе отбасындағы адамдармен, ата-анасымен жұмыс жасау деген сияқты жұмыстар атқарылады.

Бұл әлеуметтік  қызметкерлер дегеніміз арнайы дайындықтан өткен мамандар. Олардың басты мақсаты өз учаскесіндегі әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау. Осы әлеуметтік қызметкерлер отбасының мәселесін, мысалы әкесі мен анасы жұмыссыз болса, әкімдікке шығып, жұмыс тауып беруге, АСП тағайындауға, өзінің заңдық құқығын білмейтін тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуді жүзеге асырады», — деп түсіндірді  семинарға қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Жамбыл облысының 10 ауданында 22 аурухана бар. Облыс бойынша емханалық ұйтек бір емдеу мекемелері бар. Ал, облыс орталығының өзінде 9 емхана бар. Өңірдегі емдеу мекемелерінің жалпы саны — 42. Облыста ең жиі кездесетін проблема жүрек-қантамыр аурулары. Мұның ең басты себебі теріс әдеттер, арақ ішіп, шылым шегу. Сонымен қатар спортпен шұғылданбау дейді мамандар.

24