Отандық киножұлдыз, актриса және продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Өнер иесі басы айналып, құлап, ауруханаға жеткізілген еді.
«Мен ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы – ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым – үнсіздік,» – деп жазды актриса.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ. Алайда, басының ауырғаны тоқтамай, әлсіздік барын айтқан еді.
«Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем-шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады,» – деп палатасын көрсеткен еді продюсер.
Еске салайық, актриса ауруханаға қалай жеткізілгенін айтып, балаларының қорқып қалғанын жазған болатын.