Мені қайтадан түрмеге қамауы мүмкін – Жәкішев

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішев саяси партия құру туралы ойларымен бөлісті.

Бұл туралы Мұхтар Жәкішев «Гиперборей» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

– Біріншіден, мен саясаткер емеспін. Мен ешқашан саясатпен айналаспадым. Менің ойымша, меннен жақсы саясаткер шықпайды. Менің не істейтінімді бәрі болжай алады. Бұны кемшілік деп есептеймін. Саяси күресте қу болу керексін. Екіншіден, көптеген адамға жаңалық болу мүмкін, мен 2023 жылғы 21 мамырға дейін мен әлі (түрмеде – Ред.) отырмын. Мен әлі айыбымды өтеп отырмын. Менің өтеу уақытым әлі біткен жоқ. Сондықтан, Қазақстан Заңамасына сәйкес, мен дауыс беру құқығы берілмейді. Мен сайлауға қатыса алмаймын.

Маған: «Партия неге ашпайсыз?» деп сұрайды. Партия ашу үшін жоба, пікірлес адамдар және бұнын барлығы не үшін жасалып жатқаны білу қажет. Менде заңды құқық жоқ. Себебі, мен дауыс та бере алмаймын және сайлауға қатыса алмаймын. 2023 жылдың мамырына дейін мен тұтқындамын, – деді Жәкішев.

Сонымен қатар, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы қандай жағдайда қайтан түрмеге оралу мүмкін екенін айтты.

– Көшені тыйым салған жерден өтіп кетсем немесе темекі тұқылын лақтырсам, кез-келген құқық бұзушылық болса, мен мені босатқан жерге қайта ораламын. Бұл 2023 жылдың 21 мамырына дейін емес, мен түрмеде отырмаған 3 жыл 2 айға қайта қамаламын. Мысалы, 2023 жылдың 19 мамыр күні бір әкімшілік құқық бұзушылық жасасам – мен мені босатқан жерге 2026 жылға дейін отырамын.

Қазіргі таңда, менің мәртебем – жарымжан. Сондықтан, кез-келген азамат істей алатын менен қандай да бір іс-қимыл күткенде – менен бұны әрдайым ала алмайсындар. Өйткені, мен Заң бойынша, кейбір құқықтарымнан айырылдым. Ешқандай партиялық өмір туралы айта алмаймыз. Заң бойынша, бұл мүмкін емес, – деді Мұхтар Жәкішев.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысының айтуынша, ол өзінің «тұтқын» мәртебесіне аса көп мән бермей, саяси рефеормалар қажетілігін атап өтті.

– Мен бұл мәртебеге қарай бермеймін. Мені қайтадан қайтара алады, мен әр апта сайын белгілеп отырамын, сағат түнгі 10:00 кейін үйде болу керекпін. Бұл мені уаймдатпайды. Саяси реформа қажет. Бұл біреуге ұнай ма, ұнамай ма? Мен әрдайым мен нені ойлаймын – оны айтамын. Сол үшін отыру керек болды ма – отырдым, – деп түйіндеді Жәкішев.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here