«Мені Дженнифер Лопес қызықтырмайды»: Ерұлан Жамаубаев Астанадағы концертке әдейі бармайтынын айтты

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Дженнифер Лопестің Астанада болатын концертіне бармайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Әдейі бармаймын. Маған қызық емес», — деді ол Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, 1 тамызда америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстанда алғаш рет концерт береді. Кеш елордалық «Астана Арена» спорт кешенінің сахнасында өтеді. Бұл жаңалық Қазақстанның Үкіметінде талқыланды.