“Менің бір айлығымды басына орап алыпты”: Әсел Асқардың 320 мың теңгелік орамалы қызу талқыға түсті

Танымал блогер Әсел Асқар қанша теңгеге киінетінін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы тек брендтен киінетінін жасырмады.

“Орамалымды Louis Vuitton брендінен алдым. Бағасы – 320 мың теңге. Күртешем Prada брендінен, бағасы – 1 миллион 600 мың теңге. Екі жеңі алынатын болғасын өзіме қатты ұнайды. Екі жыл бұрын алған едім, әлі киіп жүрмін. Жемпірім отандық брендтен, 70 мың теңге тұрады. Шалбарымның бағасы 25 мың теңге тұрады. Мойнымдағы алқаның бағасы 2 миллион теңге тұрады. Сырға мен сақина тақпаймын. Сөмкем де Prada брендінен, бағасы – 1 миллион 200 мың теңге. Қазір мұның бағасы қымбаттап жатыр”, – деді блогер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің айтқан бағаларын қызу талқылап жатыр.

“Менің бір айлығымды басына орап алыпты”, “Бас-аяғы 6 миллион теңгеге киінеді екен”, “Өте қарапайым киінген, бірақ өте қымбат”, “Мен 4 мың теңгеге сөмке алуға қимай жүрсем”, “300 мыңға бала-шағаммен киініп аламын”, – деп жазды көпшілік.

 

@gap.filmМИЛЛИОНДАҒАН АҚША ШЫҚТЫ

♬ оригинальный звук — “ГӘП” киносы! 24 Сәуірден