62 жастағы Клаудия Шейнбаум ресми түрде Мексика президентінің жұмысына кірісті. Шейнбаум — Мексика республиканың 200 жылдан астам тарихындағы алғашқы әйел президент саналады. Ол биылғы жылдың 2 маусымында өткен президенттік сайлауда қарсыластарын қапы қалдырды. Клаудия Шейнбаумды таққа отырғызу 1 қазанда Мехико қаласындағы Сан-Лазаро заң шығару сарайында өтті.
Инаугурация кезінде ол әйелдердің құқықтарын нығайтуға және Мексика Латын Америкасындағы екінші ірі экономиканың халықаралық инвестициялар үшін сенімді орны болатынын айтты.
«Өзгеріс уақыты, әйелдердің дәуірі келді. Мен ана, әже, ғалым және әйелмін, ал бүгінгі күннен бастап Мексика халқының қалауымен президент болдым», — деді Клаудия Шейнбаум.
Ол жүзден астам ғылыми еңбектің авторы, экология, қоршаған ортаны қорғау саласында еңбектенді. Ол өткен ғасырдың 20 жылдары Литвадан Мексикаға қоныс аударған еврей отбасында дүниеге келген.